Павлодарда төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Асфальт төсеу жұмыстарына байланысты қолайсыздықтар туындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ АЖ және ЖК бөлімінің мәліметінше, Шевченко көшесін асфальттауға байланысты кешкі сағат 21:00-ге дейін Қамзин-Катаев көшелерінің қиылысында Шевченко көшесі бойынша қозғалыс жабылады. Осыған байланысты № 18 автобус бағыты осы учаскені Толстой көшесі бойынша Greenwich гипермаркетіне кіре отырып, Толстой көшесі бойынша екі бағытта да шығатын болады.
Маршруттың қозғалысы «Ажар» және «Толстой» аялдамаларына (Қамзин көшесі бойынша) кірмей өтеді.
Сондай-ақ, сағат 20:00-ге дейін Қамзин көшесі бойынша Ладожская көшесінен Азовская көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады. Осыған байланысты № 1э, 9 және 52 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді.
№ 1э автобус бағыты Ладожская аялдамасына Н. Назарбаев даңғылы- Ладожская көшелерінің қиылысы арқылы өтеді (КазПравда және Қамзин көшелеріне кірмейді).
№ 9 автобус бағыты Қамзин көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжу кезінде Қамзин – КазПравда – Н. Назарбаев даңғылы көшелері бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта жүреді.
№ 52 автобус бағыты Қамзин көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжу кезінде Қамзин – КазПравда – Н. Назарбаев даңғылы – Ладожская көшелері бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта қатынайды.