Павлодарда Потаниннің мерейтойына орай ауызша журнал өтеді

Публицист бірнеше елдің мәдениетін зерттеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
3 қазан күні сағат 11.00-де «Ertis» музейінің қызметкерлері Г.Н.Потаниннің туғанына 190 жыл толуына орай «Музей және Потанин: ғасырлар диалогы» атты ауызша журнал ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – атақты тұлға, ғалым фольклоршы, ботаник, публицист және қоғам қайраткерінің ғылыми мұрасын танымал ету, ел үшін жасаған еңбектерімен таныстыру.
Григорий Потаниннің басты ғылыми жетістігі деп Орталық және Шығыс Азиядағы бес ғылыми-зерттеу экспедициясының қорытындысын айтуға болады. Бұларды ол аталған қоғамның тапсыруымен 1876-1899 жылдар аралығында басқарып, іске асырған.
Осы экспедициялардың арқасында Орталық Азиядағы аса танылмаған және зерттелмеген аймақтар туралы ауқымды мәліметтер жиналып, үлкен гербарий мен зоологиялық коллекция жиналды. Сондай-ақ, Сібір, Орталық Азия, Қытай тұрғындарының мәдениеті, тұрмысы және халық шығармашылығына, тарихы мен эпосына қатысты құнды материалдар көбейді.