Павлодарлық музыканттар халықаралық байқауда топ жарды
Олар ресейлік музыканттармен сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Омбыда П.П. Гусев атындағы үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы аяқталды. Оған Ресей мен Қазақстанның 10 өңірінен 100-ге жуық жас музыкант қатысты.
Байқау «Жеке орындау», «Ансамбльдер», «Оркестрлер» номинациялары бойынша үрмелі аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, керней, баритон, тромбон, туба) және соқпалы аспаптар бағыты бойынша өткізілді.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрінің басшысы, полковник, бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты Сергей Дурыгин қазылар алқасының төрағасы болды. Бұдан бөлек мәдениет және өнер қайраткерлері өнерпаздардың шығармашылығын бағалады.
ҚР атынан Павлодар облысының делегациясы қатысты. Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясында Бақтияр Құрманғазы, Өміржан Мағамет, Азиз Салимов – бірінші дәрежелі лауреаттар атанды. Екінші жүлделі орынды Жасұлан Турегелді, Артур Зайкин, Роман Седых, Заурбек Омаржанов және Шыңғыс Болат иеленді. Ал үшінші орынды Бисат Жұмаділов алды. Ақнұр Ақан, Ислам Жұмабай, Алан Тен байқаудың дипломанттары атанды.
Ағаш үрмелі аспаптар номинация бойынша Ольга Цыркевич, Рахымжан Жұмашев және Асыл Нәби екінші орынды иеленді. Үшінші дәрежелі лауреаттар Амина Жұмабекова, Мирал Жангуттинова, Элизабет Клопот, Батима Егеубай атанды. Бұл номинацияда екі дипломант анықталды – Әдия Кауаш және Лина Романенко.