17 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз +17...+22 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодарда ауа температурасы күндіз +19...+21 °C-қа дейін жылынады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.