Павлодарда сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Баланың жасы – 1 жас 8 ай, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді.
– Ол бесінші қабаттан құлаған. Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығында.
Бала травматология бөлімшесіне жатқызылды.