Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шегуші алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– 25 сәуірде Екібастұз қаласында Кеншілер көшесі, 123 мекенжайы бойында НОWО автомашинасының жүргізушісі  жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалады. Автокөлік айып тұрағына қойылды.