Ақсуда бірнеше саяжай учаскесі жанды

Ақсуда бірнеше саяжай учаскесі жанды

Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні сағат 13.40 минутта өрт сөндіру бөлімінің пультіне «Ягодка» бау-бақшасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама  түскен.

Шақыру орнына «ЕЭК» АҚ және «Қазхром АЗФ ТҰК» АҚ ӨЖ қорғау жөніндегі № 10 өрт сөндіру бөлімі мен № 12 өртке қарсы бекеттің күштері мен құралдары жіберілді.

– Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері «Ягодка» бау-бақша шаруашылығында екі бытыраңқы ошақтың жанғанын анықтады. Бірінші  ошақта үш жұмыс істемейтін саяжай үйі және жалпы алаңы үш гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс, екінші ошақта төрт жұмыс істемейтін саяжай үйі,  50 шаршы метр шарбақ,  жалпы ауданы 1,5 гектарда құрғақ шөп жанды, – дейді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 16:05-те оқшауланып, сағат 16:43-те жойылды.

Өртке қарсы қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында материалдық және ауыр зардаптарға жол берілмеді. 

Ведомствода тұрғындар мен қонақтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды.