Павлодарлық трассада «КамАЗ»-дың артына соғылған автокөлік жүргізушісі көз жұмды

Павлодарлық трассада «КамАЗ»-дың артына соғылған автокөлік жүргізушісі көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүк көлігі жол жиегінде тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 қыркүйек күні «Омбы-Майқапшағай» автожолының Чернорецк ауылынан 5 шақырым жерде «ГАЗ-53» автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, жол жиегінде тұрған «КамАЗ»-бен соқтығысқан. 

– Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, тағы бір жолаушы жарақат алды. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру маңызды екенін ескертеді.