Павлодар облысы ормандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексерілуде
Тексеру жұмыстарын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Талдау шеңберінде орман қорын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың негізгі функцияларын іске асыру зерделенетін болады.
Талдауды өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы», Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.
Тұрғындар егер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе аталған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, dmdgs_pavlodar@mail.ru электрондық поштасына, 87072073200 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша хабарласуға немесе Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37, «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша бара алады.