Екібастұзда жолда жүйткіген жүйріктер ұсталды
Өткен күні кеншілер шаһарында алты автокөліктің жүргізушілері апаттық жағдай туғызғаны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының полициясына жүргізушілердің жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейне хабарлама келіп түсті. Осы бейне бойынша полицейлер тексеру жүргізді.
- 5 қарашада Kia Rio, Nissan Terano, Lada Granta, Lada Priora, Hündai ELANTRA және Chevrolet Nexia маркалы автокөліктеріндегі жүргізушілер Екібастұз-Стелла автожолында жүргізушілердің жолын кесіп, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін апаттық жағдайлар туғызғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Патрульдік полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы алты жүргізушіні ұстады. Оларға қатысты тоғыз әкімшілік іс қозғалды. Онда апаттық жағдай жасау, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, көлік құралын мемлекеттік нөмірсіз жүргізу. Жүргізушілердің әрқайсысына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, егер жол жүру ережелерімен тыйым салынған, оның ішінде бұрылыспен немесе бұрылыспен ұштасқан жағдайларда, қарсы жолдың жүру бөлігіне өткені үшін материал сотқа жіберілді.
Барлық көлік құралдары тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды.