Павлодарда сәуір айы жылы болады

Алайда айдың ортасында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» хабарлағандай, сәуір айында ауаның орташа температурасы +6,8...+8,8 °С болады деп күтілуде, бұл нормадан 1-2 градусқа жоғары (норма: +5,2+7,2 °С).
Бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде -8...-13°С-тан +1...+6-ға дейін, күндіз -3...+2-ден +15...+20 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанады. Облыстың оңтүстігінде термометр бағанасы нөлден 25 градусқа дейін көтеріледі.
Екінші онкүндікте ауа райы сәл салқындайды – түнде -3...+2, күндіз + 5...+10 градусқа дейін.
Үшінші онкүндікте температура қайтадан тұрақсыз болады – түнде +5...+10-нан 0°+5 °C-қа дейін, күндіз +19....+24-тен +14...+19 градусқа дейін.
Облыстың көп бөлігінде бір айда жауын-шашын мөлшері норма шегінде түседі (сәуір айындағы норма 15-25 миллиметр). Солтүстік-батыста нормадан көп, ал аймақтың оңтүстік-шығысында нормадан аз болуы мүмкін.
Жауын-шашын екінші және үшінші онкүндіктің екінші жартысында болады деп болжануда. Секундына 15-20 метр жел екінші және үшінші онкүндіктерде жиі күтіледі.
Найзағай, шаңды дауыл – үшінші онкүндіктің ортасында күтілуде. Тұман бірінші онкүндіктің басында болуы мүмкін.
Айта кетерлігі, дәл мұндай ауа райы өңірде 2013 болған.