Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті

Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қазанда сағат 09:00-де Торайғыров-Бектұров көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы автокөлігі электросамокат тепкен 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті. 

Жол-көлік салдарынан зардап шеккен жасөспірімге медициналық көмек қажет болды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Көлік пен электросамокат айып тұрағына қойылды.