Баянауыл жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

Баянауыл жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

16 шілдеде ЖКО салдарынан бес адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Медициналық қызметкерлердің мәліметінше, 1962 жылы туған әйел – оң жақ білегі мен иығының жұмсақ тіндерінің көгеруі және мойын омыртқасының жарақатын алған.

1975 жылы туған әйел мойын омыртқасының көгеруі және оң қолының сырылуларын алған.

1982 жылы туған әйел – басының соғылған жарасы, кеуде қуысының жабық жарақаты және бел омыртқаларының көлденең өсінділерінің сынуымен Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Отаға дайындалуда.

2004 жылы туған қыз – шынтақ буынының көгеруі және тізе буыны аймағындағы сырылдарымен облыстық ауруханаға апарылды.

2017 жылы туған бала – сол жақтағы шынтақтың ортаңғы бөлігінің сүйегінің ығысуымен жабық сынығын, оң жақ бұғананың жабық сынығын, жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, маңдай аймағының көгеруі мен сырыл жарақаттарын алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, атап айтқанда гипс салынғаннан кейін ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, алайда ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

– Сегіз жасар бала жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақтағы білектің сүйектерінің ығысуымен жабық сынығы, бұғананың ығысусыз жабық сынығы диагноздарымен бүгін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы – орташа ауырлықта. Білектің сүйектеріне жабық репозиция жасау отасы жоспарлануда, – деді балалар ауруханасында.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты деп бағалануда. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.

Еске сала кетейік, Жасыбай демалыс аймағында «Hyundai Tucson» көлігінің жүргізушісі серпантинді жолда рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберген.