Железин ауданында еліктерді атып өлтірген тұрғын ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Разделное ауылының маңында ВАЗ-21060 маркалы көлікті тоқтатты.
– Автокөліктің салонын тексеру кезінде аңшылық мылтықтар, екі еліктің өлексесі табылды. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген еліктердің өлекселеріне сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Іс-шара басталғаннан бері полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 95 бұзушылығы тіркелді. 900 келіден астам заңсыз ауланған балық ресурстары тәркіленді. Полиция азаматтарды елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.