Ақсу қаласында аулада тұрған жүк көлігі жанған

Ақсу қаласында аулада тұрған  жүк көлігі жанған

Көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны толығымен өртенді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, Әуезов көшесі, 53 мекенжайында тұрған ГАЗ-53 көлігі жанғаны туралы хабарлама 10:59-да түсті.

Жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде және салонында төрт шаршы метр аумақта өрт шыққан, – деді департаментте.

Өрт 11:06 ауыздықталып, төрт минуттан кейін сөндірілген болатын. Оқиға орнында бір техника және бес адам жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.  

Фото: ТЖД