Павлодарда тұрғындар киімдерін ұлттық нақышта сәндей алады
Қатысушылар қазақы ою-өрнектерді пайдаланып, киімдер мен әшекей бұйымдарын өз қолдарымен жасайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
24 қазанда Павлодарда «ЕРТІС СӘНІ – GQ Ethno Fashion Lab» шығармашылық іс-шарасы өтеді. Ол қала әкімі Хасар Хабылбековтің қолдауымен «Ерке Ертістің жағасында» шағын гранты аясында ұйымдастырылады.
Іс-шарада қатысушылар күнделікті киімдерін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріп, заманауи сән үлгілеріне бейімдей алады. Сондай-ақ ұлттық әшекейлер мен аксессуарлар жасауды үйренеді.
Шығармашылық кездесу қолда бар киімдерді қайта сәндеу арқылы оларды ұзақ пайдалануға және саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.
Іс-шара 24 қазанда сағат 11:00-де Қамзин көшесі, 96 мекенжайындағы GQ дүкенінде өтеді.