Павлодарда «Мәшһүр Жүсіп оқулары» өтеді

Павлодарда «Мәшһүр Жүсіп оқулары» өтеді
Фото ашық дереккөзден

Байқаудың қалалық кезеңіне 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәлімдеуінше, дода үш кезең бойынша өтеді.

- Конкурс мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жұртшылық арасында насихаттау. Сайысқа 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, - делінген хабарламада.

Байқайға қатысушылар әуелі «Жырсандықтан» іліккен Мәшһүр Жүсіптің 5 өлеңінің яғни «Ит дүние», «Бес қымбат», «Жеті жетім», «Бұлақ көзі», «Ағайын» біреуін жатқа оқыса, «М.Ж. Көпейұлы және Ислам әлемі» кезеңінде қатысушы еркін тақырып яғни  М.Ж.Көпейұлының діни шығармасының мазмұнын өз таңдауы бойынша жатқа айтуы тиіс. Ал соңғы бөлімде М.Ж. Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына жауап беруі шарт.

Тапсырыстар 20 қыркүйекке дейін otdkultpvl@yandex.kz поштасына немесе 87015269321, 87058666479 байланыс телефондары арқылы қабылданады. Жарыс 29 қыркүйек күні өтеді деп жоспарлауда. 

Байқаудың жүлдегерлері мен номинанттары бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.