BELLUCCI мен ALZABI Екібастұз жастарына мерекелік кеш сыйлайды
Шаһарда халықаралық Жастар күніне орай JASTAR FEST өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастардың басын қосатын ауқымды шара «Кеншілер» саябағында 12 тамыз күні сағат 18:30-да басталады.
Фестиваль аясында қазақстандық танымал орындаушылар BELLUCCI мен ALZABI, сондай-ақ QUNA, AIKEZBE, AMAFlow және MEIRAM сахнаға шығып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Кеш бағдарламасында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы «Жастар белгісі» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, көрермендер «Jaidarman» жазғы кубогінің финалдық ойынын тамашалап, би кешіне қатыса алады.
JASTAR FEST – шығармашыл, белсенді және бастамашыл жастарды біріктіретін ерекше алаң. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік кешке қатысып, халықаралық Жастар күнін бірге атап өтуге шақырады.