Павлодарда төбеден тамшылаған мұз үшін ПИК жазаланды
Полицейлер азаматтарға сақ болуға кеңес береді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйлердің шатырларын мұз бен қардан уақтылы тазарту тұрғын үйлер бекітілген ПИК міндетіне кіреді. Ал жеке ұйымдар, кәсіпорындар ғимараттардың абаттандырылуын өздері бақылайды.
– 18 сәуірде қала тұрғыны полицияға хабарласып, Павлов көшесіндегі үйдің төбесінен тамшылаған судың мұз болып қатып тұрғанына шағымданды. Аталған факт бойынша осы үйге қызмет көрсететін ПИК төрағасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Қанат Дүйсекенов.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыста абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1328 адам жауапқа тартылып, 2,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.