Павлодарлықтарды қазан айында жаймашуақ күндер қуанта ма?

Синоптиктер күздің екінші айында болатын ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, қазанда Павлодар облысында ауа температурасы климаттық нормаларға жуық болады. Бір айдағы орташа температура +3,5…+5,1°С шамасында күтіледі (норма: +3,9…+5,2°С).
Ай басында түнгі уақытта ауа температурасы -2…-7°С дейін төмендеп, кейін +4…+9°С дейін жылытады. Күндізгі температура +3…+8°С-тан +13…+18°С-қа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында түнде 0…+5°С, күндіз +9…+14°С шамасында болады.
Қазанның ортасында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнгі уақытта -1…-6°С-тан +4…+9°С-қа дейін, күндіз +8…+13°С-тан +13…+18°С-қа дейін өзгереді.
Айдың соңына қарай салқын түседі. Түнде ауа температурасы +4…+9°С-тан -6…-11°С дейін төмендейді, облыстың оңтүстігінде түнде +2°С күтіледі. Күндіз +13…+18°С-тан 0…+5°С-қа дейін төмендейді, оңтүстікте +8°С. Одан кейін түнде -1…-6°С, күндіз +5…+10°С шамасында болады. Онкүндіктің соңында түнгі температура -1…-6°С-тан -7…-12°С-қа дейін, күндіз +5…+10°С-тан 0…+5°С-қа дейін ауытқиды.
Қазан айында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады (норма: 18–26 мм). Жаңбыр бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің екінші жартысында күтіледі. Ай соңына қарай жиі жаңбыр мен сулы қар жауады. Желдің күші секундына 15–20 метрге дейін жылдамдықпен бірінші онкүндіктің соңында және ай ортасында жиі байқалады. Ай соңында боран соғуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындарға ауа райының күрт өзгерістеріне дайын болу ұсынылады