Павлодарда ТЖД қызметкерлері көктемгі кезеңде 1000-ға жуық көшет отырғызды
ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына қолдау көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері 400-ге жуық көшет отырғызды.
– Көшеттер бөлімшелердің аумағына да, олардың сыртына да отырғызылды, – дейді баспасөз орталығында.
Сондай-ақ, жедел әрекет ету орталығының аумағына 200 түп петуния отырғызылды.