Павлодар облысында 200 мың литрден астам шыбын-шіркейге қарсы биопрепарат дайындалды
Асайын Байханов Ертіс жайылмасын шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу жұмыстарына дайындықты тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірде әуеден өңдеудің тиімділігі өткен жылы 94 % -дан асты. Биылғы жылы ғылыми топтың ұсыныстары бойынша биопрепараттармен өңделетін алқаптың аумағы екі есеге, яғни, 55,5 мың га ұлғайтылып, 127 мың га құрады. Сондықтан, әуе борттарының да саны екі есеге артты.
– Авиацияны қарап шыққаннан кейін «Бактицид» биопрепаратынан концентрат дайындалып жатқан Жаңаауыл кентіне бардым. Бүгінгі таңда 212 мың литр көлемінде 30% суспензия дайындалды,– деп жазды облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында. – Біз барлық жұмыстарды қатаң бақылауда ұстаймыз.
Айта кетейік, Атамекен кентіне дезинсекциялық жұмыстарды жүргізетін сегіз АН-2 ұшағы келді. Қажет болған жағдайда мердігерлер олардың санын көбейтетін болады. Мамандармен биологиялық өнімді құю нүктелері және өзенді өңдеудің болжамды мерзімдері анықталды. Бірінші тур 16-17 мамырда, екінші 26-27 мамырда, үшінші тур – 10-15 маусымда басталады. Ұзындығы 200 шақырымнан асатын Ертіс өзінінің Белая, Подстепка, Теплая, Тюлька, Таллинка, Каратунь, Орлавка тармақтары және 100 шақырым облыс орталығы мен Ақсу қаласының маңындағы ағыстар өңделеді. Жіберілген су көлемінің артуына байланысты биопрепаратты құю нүктелерінің санын олардың арасындағы қашықтықты қысқарту арқылы 8-ден 10-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, облыстың жағалау бойында орналасқан 59 ауылында күн сайын тосқауылдық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram