Павлодарда ТҚК станциясы жұмысшысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алдын ала дерек бойынша көлік дөңгелегін орнату кезінде жарылыс болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Салдарынан техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері ауыр дене жарақаттарын алып, көз жұмды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте болды.
Облыстық Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мәліметінше, ер адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.
Департамент жазатайым оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді.