Ақсуда мемлекеттік қызметші парамен ұсталды

Ақсуда мемлекеттік қызметші парамен ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол тракторшы куәлігін заңсыз дайындаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың ақпан айында «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы ауыл азаматынан ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға рұқсат беретін қағазды заңсыз дайындағаны үшін 100 мың теңге алды.

Мемлекеттік қызметшінің қылмыстарды жасаудағы кінәсі куәлардың айғақтарымен, оның мойындауымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін ескере отырып, айыпталушыға мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті мемлекеттік органдарда және т.б. лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындады, – делінген хабарламада.

100 мың теңге көлеміндегі пара мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.