Павлодарда көшеде көлік жанды

Павлодарда көшеде көлік жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні сағат 12.35-те Ак.Сәтбаев-Ломов көшелерінің қиылысында автомобильдің жануы туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің үш қызметкері және бір техника шықты. «Volkswagen» маркалы автокөліктің екі шаршы метр аумағында мотор бөліміндегі резеңке-техникалық бұйымдар жанған, – деді департаментте. 

Өрт сағат 12.50-де толығымен жойылды.