Екібастұзда монша өртенді

От жағу бөлмесінің 6 шаршы метр аумағы жанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 17:15-те Северная көшесінде моншаның өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің мамандары, сондай-ақ 102, 103 шұғыл қызметтері мен қалалық желі дереу жолға шықты. Өрт орнына келген өрт сөндірушілер кірпіш моншаға бекітіліп тұрғызылған от жағу бөлмесінде 6 шаршы метр алаңда ағаш қаптау құрылымдары жанып жатқандығын анықтады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.
Өрт сағат 17:35-те толығымен жойылды.