Павлодарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбазы бақ сынайды

Павлодарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбазы бақ сынайды

Ұйымдастырушылар төрт аталым бойынша үздікті анықтамақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы XIX еңбек маусымының жабылуына орай байқау жраиялады. Онда «Үздік волонтер», «Үздік сарбаз», «Үздік командир», «Жыл серпіні» аталымдары бойынша үздіктер анықталады.

- Қатысу үшін Павлодар қаласының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбазы, волонтері немесе белсендісі болу керек. Олар арнайы өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тапсыру керек. Егер сіз өзіңізді номинациялардың біріне лайықтымын деп санасаңыз, онда біз сіздің өтінішіңізді қуана қабылдаймыз, - делінген хабарламада. 

Өтінімдер қыркүйектің 27-не дейін қабылданады.

Номинациялардың жеңімпаздары конкурстық комиссияның отырысында белгілі болады.

Байқау бойынша «Жасыл ел» ЖЕЖ облыстық штабының командирінен ватсап  нөмері (87475357299) арқылы білуге болады.