26 қыркүйекте Павлодар облысында жауын күтіледі

26 қыркүйекте Павлодар облысында жауын күтіледі
Фото: Константин Шелков

Облыстың шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +15...+20 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде +9...+11, күндіз +16...+18 градус көрсетеді.