11 маусымда Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі

11 маусымда Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде температура +15...+20°C. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз сынап бағанасы  +27...+32°C дейін көтеріледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Павлодарда түнде +18...+20°C. Айнымалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +30...+32°C. Айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.