Павлодарда жастар патриоттық рухтағы акция бастады
Шара 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында мемлекеттік туды ілу бойынша «Қыран елім Қазақстан» патриоттық акциясы өтті.
– Акцияның мақсаты – жастарды патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу, өз елінің тарихы мен мәдениеті үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, – дейді ЖБДО қызметкері Нұрмұхамед Табикенов.
Орталықтың екінші қабатында барлығы сегіз Ту ілінді.
Патриоттық шара қазақстандық қоғам үшін патриоттық сезімдерді нығайтуға және азаматтарды Мемлекет рәміздердің айналасына біріктіруге бағытталған. Жастар бастамаларын дамыту орталығы өңір тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға қатысуға шақырады.
Айта кету керек, патриоттық акцияға «Ertis Media» медиахолдингі де қолдау көрсетіп, ғимараттың қасбетін мемлекеттік тумен безендірді.