Екібастұзда жылуға жаңа тариф бекітілді
Ақпаннан бастап кеншілер шаһарында жылудың бағасы көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне 2024 жылғы 1 ақпан-2025 жылғы 31 қаңтар аралығындағы кезеңге арналған тарифтер бекітілді.
Орташа тариф 5579-дан 7780 теңгеге дейін өседі. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар халық тобына жататын жеке тұлғалар үшін 1807-ден 2554 теңгеге дейін көтеріледі. Ал есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 3337 теңге болады.
Жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар басқа тұтынушылар үшін 8393 теңгеден 10 712 теңгеге, ал аспаптарсыз 8393 теңгеден 14 185 теңгеге дейін өзгереді.
Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф 93 пайызға өседі – 25 421 теңгеден 49 274 теңгеге дейін.