Болашақ Илон Маск: Павлодар облысының оқушыларын көшбасшы болуға үйретеді

Болашақ Илон Маск: Павлодар облысының оқушыларын көшбасшы болуға үйретеді
Фото: Pavlodar IT Hub

Олар арнайы бағдарламаға қатыса отырып, кәсіби мамандардан тәжірибе алатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында Beginit by inDrive  әлеуметтік көшбасшылық және жобалау қызметі курсына іріктеу кезеңі өтті. Бұл Astana Hub және Pavlodar IT Hub бастамашылығымен ұйымдастырылуда. 

Бағдарлама аясында Павлодар облысының 10-сынып оқушыларын  әлеуметтік саладағы инновациялық шешімдер қабылдау үшін өз әлеуетін ашуға және дағдыларын дамытуға үйренеді.  Бизнес пен креативті индустрияның тәжірибелі көшбасшылары оқушылармен  жұмыс істеп, оларды өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеулер мен әлеуметтік жобаларды құруға итермелейтін болады.

– Егер бұрын мектеп оқушылары кино және сахна жұлдыздарынан үлгі алатын болса, қазір көптеген оқушылар Илон Маск немесе Марк Цукерберг сияқты айти маман болуды армандайды,– деді by inDrive  жобасының менеджері Ерсайын Қабдрашев.– Біздің бағдарлама баланың  болашақта әлеуметтік көшбасшы болуға мүмкіндік беретін қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған. 

Оның сөзінше, жобаға  Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген өтінімдер жиналды. Beginit бағдарламасының ең мықты финалистері Алматыда ашылатын жаңа инновациялық университетте оқу үшін гранттарға ие болады.

– Павлодар облысында креативті жастар көп. Бұл жоба біздің өңірге еліміздің шекарасында ғана емес, одан тыс жерлерде де көптеген бастамалар енгізетін жас таланттарды ашуға көмектеседі деп шын жүректен сенемін,–деді Павлодар облысындағы Astana Hub менеджері Нұрсипат Тюлюбай. 

Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұратын болады: аймақтық іріктеу туры, білім беру модулі, жастар лагері және жоба модулі. Іріктеуден өткен қатысушылар Алматыдағы оқу лагеріне барып, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қатысушылармен тәжірибе алмасады.

Бағдарламаға қатысу және іріктеу туры туралы қосымша ақпарат алу үшін Beginit by inDrive  жобасының менеджеріне хабарласуға болады 8 (705) 343 -06- 12.