Жеңімпаз жолы: Павлодарлық спортшылар шабыт беретін кездесу өткізді

Жеңімпаз жолы: Павлодарлық спортшылар шабыт беретін кездесу өткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар оқушылармен табысқа, жеңіске жету жолдары мен құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№17 мектепте «Жеңімпаз жолы» диалог алаңы өтті. Жастармен спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері Ілияс Мұхтасаров және спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Елизавета Кохнович әңгімелесті.

Спортшылар жеңіске жету жолы әрқашан оңай бола бермейтінін, бірақ табандылық, еңбекқорлық және өзіне деген сенім кез келген кедергіні жеңуге көмектесетінін айтты.

–  Мақсат қойып, оған табандылықпен ұмтылған әрбір адам биіктерді бағындыра алады, – деді Елизавета.

Кездесу барлық қатысушыларға шабыт беріп, нағыз чемпиондардың тек спортта ғана емес, өмірде де үлгі болатынын көрсетті.

Спорт – бұл тек жеңістер ғана емес, сонымен бірге баға жетпес өмірлік тәжірибе», – деп атап өтті Ілияс.

Жоба облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОФ «New vision team» (@nvt_kz)