Павлодарлық жол трассасында «ГАЗель» жаяу жүргіншіні қағып кетті

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 тамызда Павлодар-Омбы автожолындағы Қызылтаң ауылының маңында «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автожолдың шетінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.