Павлодарда жүргізуші аялдамаға соғылды

Зардап шеккен екі адамға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Естай мен Катаев көшелерінің қиылысында BMW жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, аялдамаға соғылған.
BMW көлігіндегі екі жолаушы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.