Павлодарда есірткі қолданған жүргізуші көшеде көлік айдаған
Алайда тәртіп сақшылары оны Дөнентаев көшесінде тоқтатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Lada» маркалы автокөлігінің құжаттарын тексеру кезінде жүргізуші күдікті болып көрінген.
– Куәландыру қала тұрғынының есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа қойылды, ал автокөлік иесі сотта жауап береді, – деп хабарлады департаментте.
Полиция қырағылық адам өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салады, себебі, мас жүргізуші қағып кеткен адамның орнында сіздің, туыстарыңыз бен таныстарыңыз болуы мүмкін.