«Домбыра FEST»: Павлодарлық домбырашылар киелі аспапты трендке айналдырмақ

«Домбыра FEST»: Павлодарлық домбырашылар киелі аспапты трендке айналдырмақ

Жергілікті домбырашылар атақты күйлерді орындайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлттық домбыра күні қарсаныңда «Домбыра FEST» аталып өтеді.  Ұйымдастырушы Ажар Оспанованың айтуынша, бұл шара екінші  мәрте ұйымдастырылуда. 

Ансамбльдің құрамында 12 домбырашы болады. Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі,  Ақсу қаласының балалар өнер мектебі мен Жаяу Мұса атындағы балалар музыка мектебінің шәкірттері Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» сияқты күйлерін шырқайды. Сонымен қатар заманауи әртістердің әндерінен поппури орындайды, – дейді патриоттық тәрбие орталығы басшысының м. а. Ажар Оспанова. 

«Домбыра FEST» шарасын  29 маусым күні  сағат 17:00-де «Batyr mall» сауда орталығының алдында өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Константин Шелков