Павлодарда жылуы жеткіліксіз үйлер тексеріледі

Павлодарда жылуы жеткіліксіз үйлер тексеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кейбір көпқабатты үйлерге қосымша сорғы орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі шаһар тұрғындарымен кезекті кездесуінде көпқабатты тұрғын үйлердің қыстағы жылыту мәселесі сөз болды. Тұрғындар әсіресе, жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің салқын болатынын айтып, шағымданды. 

Хасар Хабылбеков жауапты мамандарға алдымен жылу жүйесіндегі қысым айырмасын тексеруді тапсырды. Оның айтуынша, өткен жылы жүйені реттеу жұмыстары жүргізілген. Енді мамандар құбырлардың диаметрін тексеріп, күзде қысым көрсеткіштерін қайта қарайды.

– Егер мұнда қысым айырмасына байланысты қиындық болса, өткен жылыту маусымында осы мекенжайда жылудың жеткіліксіз болғанын көріп отырмыз. Сондықтан қазір, маусым басталғанға дейін, мұнда сорғы орнату қажет. Бұл жұмысты жылу желілері қолға алады, – деді Хасар Хабылбеков.

Тұрғындардың сөзінше, бұған дейін бірінші қабатта қосымша батарея болған. Ол жоғарғы қабаттарға жылудың жетуіне ықпал еткен. Кейін радиатор алынып тасталғаннан соң, төменгі қабаттағы пәтерлерде де салқындық байқалған.

Қала әкімі осы мәселе бойынша ПИК-ке (КСК) нұсқама беруді тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы мамандарымен бірлесіп, нысанды тексеру жүргізіледі.