Екібастұзда жұртты шошытқан ер адам жолаушы болып шықты

Екібастұзда жұртты шошытқан ер адам жолаушы болып шықты
Фото: pixabay.com

Бейнекамералардағы жазбалар зерттелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, қала тұрғындары бір-біріне WhatsApp арқылы №9 және №11 мектептердің маңында оқушы қыздарға жармасып жүрген ер адам туралы хабарлама жолдаған. Тұрғындар ата-аналарды мектеп оқушыларын үйге дейін шығарып салуға және қарсы алуға шақырды.

Қалалық полиция департаменті хабарламаның авторларын жинап, тергеу жұмыстарын бастады.

– Біз бейнекамераның жазбаларын зерттедік. Кәмелетке толмағандаға жармасу фактісі расталмады, – деді полицияда.

Ал хабарламамен қосымша жүрген және @ekibas_v_teme аккаунтында жарияланған ер адамның суретінің бұл іске еш қатысы жоқ. Айпталған ер адам мектептің жанында өтіп бара жатқан қарапайып жолаушы болып шықты.

Хабарлама авторлары жазаланбайды.