Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады

Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым сағат 7:00-ден 27 маусым 20:00-ге дейін қиылыстарды жаппай Н. Назарбаев даңғылынан Катаев көшесіне дейінгі Малайсары батыр көшесі жабылады.

ТҮКШ бөлімі қала тұрғындарынан, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.