Павлодар облысында 140 электр желісіндегі ақау жойылды

Павлодар облысында 140 электр желісіндегі ақау жойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дауылды ескерту кезінде барлығы 150 ажырату оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Электр желілеріндегі ақауларды жою жұмыстарына «Павлодар ЭТК» АҚ-ның 83 жедел бригадасы – 246 маман, 78 техника бірлігі жұмылдырылды.

Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындады: боран және дауылды желдер болды. Сондықтан алғашқы күні мамандар тек биікке көтерілмей жұмыс істеді. 7 және 8 қарашада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде, апаттық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігімен жүргізілді.