Павлодарда зорлық-зомбылықты басынан кешірген әйелдерге көмектескен полицейлер марапатталды

Павлодарда зорлық-зомбылықты басынан кешірген әйелдерге көмектескен полицейлер марапатталды
Фото: облыстық ПД ұсынды

Оларға медаль мен төсбелгілер табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің қызметкерлерін марапаттады. 

–Сіздердің көмектеріңізбен мыңдаған адамның мәселесі шешілді. Сіздер қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға психологиялық, құқықтық, әлеуметтік және көмек көрсетіп жүрсіздер,– деп алғысын білдірді Василий Скляр.

Департамент бастығының бұйрығымен бірқатар ерекше көзге түскен полицейлер өздерінің лайықты наградаларын алды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ІІО ардагерлері Светлана Жанғозина мен Лаура Спанова мерейтойлық медальмен марапатталды.

Төсбелгімен Айсұлу Салманова, Әсем Рақымова, Бақытжан Тұрсаринова, Ксения Макарова, Арина Мусина, Бақытгүл Сейітқалиева, Амангелді Накенов, Ильмира Мекенова, Татьяна Гавриловская, Сабира Әбусейітова марапатталды.