Павлодарда қаңғыбас жануарларға арналған арнайы баспана қашан беріледі?

Павлодарда қаңғыбас жануарларға арналған арнайы баспана қашан беріледі?
Фото: pexels.com

Құрылыс жұмыстары шілде айында басталған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі өзінің инстаграм парақшасында жариялады. 

- Қазіргі уақытта жер қазу, қоршау орнату, вольер мен серуендеуге арналған ауланы бетондау жұмыстары аяқталып, қызметкерлер бөлмесі орнатылды. Сондай-ақ ұңғыма бұрғыланып, септик орнатылды,– делінген хабарламада. 

Аталған нысанды тапсыру 2023 жылдың қазан айына жоспарланған.

Айта кетейік, биыл панасыз жануарларға арналған баспана салу жұмыстары басталған еді.