Павлодарда алты миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Павлодарда алты миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер өңірде жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңір орталығында рейд барысында Chevrolet Nexia автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

– Автокөлік иесінің жалпы сомасы алты миллион теңге көлемінде берешегі болғандықтан, көлікке тыйым салынған. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Иесі барлық берешегін толық өтегеннен кейін ғана көлігін қайта ала алады, – деді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Тимур Хисматуллин.

Полиция жүргізушілерді берешектерін уақытылы өтеп, көлік құралдарына қатысты мәжбүрлеп орындау шараларына жол бермеуге шақырды.