Павлодарда үш адам зардап шеккен жол апатына қатысты тергеу жүргізілуде

Павлодарда  үш адам зардап шеккен жол апатына қатысты тергеу жүргізілуде
Фото: Константин Шелков

Екі көлік те арнайы  айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпанда сағат 21:20 шамасында Mitsubishi Delica және ВАЗ-2110 көліктері соқтығысты. Салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

– Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Екі көлік те арнайы айып тұрағына қойылды, – деді департаментте. 

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы Н.Назарбаев даңғылы бойында орын алды. Салдарынан үш адам зардап шеккен. Олардың біреуі – 17 жастағы ер бала. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, 19 және 24 жастағы жігіттер  №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.