Павлодарда есірткіге елтіген жүргізуші автобус басқарған
Автобус желіден алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 09:15 шамасында Қамзин көшесімен келе жатқан 35 маршруттағы автобус жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру барысында полиция қызметкері оның оғаш әрекетін байқаған.
– Сараптама нәтижелері полицияның күдігін растады, автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді, – деді департаментте.
Айта кету керек, күн сайын полиция қызметкерлері көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйінде жүргізу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл облыста мас күйінде жүрген 787 жүргізуші жазаланды, оның 324-і облыс орталығында ұсталған.