Павлодарда үш көлік соқтығысты

Павлодарда үш көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше,  23 сәуір күні Ломов көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында  Chevrolet Cobalt, «Хонда» және SsangYong маркалы автокөліктер соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ленин - Курчатов автожолының 185 шақырымында 31 жастағы Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жыраға аударылды.  Салдарынан 42 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.