Павлодарда бизнес орталығы өртенді

Өрт сөндірушілер оттың ғимаратқа таралуына жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда Бектұров көшесінде бизнес орталығының жертөлесі өртенді. 20 адам ғимараттан өз бетінше эвакуацияланды.
– Шақыруға келген өрт сөндірушілер бірден жалпы алаңы 25 шаршы метр жертөледе жанып жатқан жиһаздар мен терезелерді сөндіруге кірісіп, сағат 14:54-те өртті оқшаулады, – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт 15:10-да толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.