Павлодар - Шарбақты жолының жөндеу жұмыстары аяқталуда

Павлодар - Шарбақты жолының жөндеу жұмыстары аяқталуда
Фото: Антикор

Бұл жолмен шілде айының соңынан бастап жүруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

18 маусымда Павлодар облысының әкімдігі, Антикор және «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы жол құрылысының барысын бақылайтын топ құру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. 

Жұмыс тобы 0-6 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызы бар Павлодар - Шарбақты жолын тексерді. Шағымдар мен ескертулер болған жоқ.

Жобаның құны 417 миллион теңгеге шықты. Тапсырыс беруші –  «ҚазАвтоЖол» АҚ, ал жөндеу жұмыстарымен «АЗА» ЖШС айналысады. Жолдың басым бөлігі жөндеуден өткен. Қалған жұмыстар шілде айында аяқталады.

Айта кетерлігі, мониторинг тобына кез келген адам қосыла алады.

Жолдардың сапасына қатысты өтініштер мен ұсыныстар болса, 8 771 305 30 43 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.