Павлодарда әлем чемпиондары әскери-патриоттық клубына қабылданды

Павлодарда әлем чемпиондары әскери-патриоттық клубына қабылданды

2024 жылғы 24 қарашада «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына 21 жыл толады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осыған орай әлемдік додада жеңіс тұғырына шығып, қазақ елінің Туын желбіреткен батыр ұлдар мен қыздарды «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубына қабылдау туралы меморандумға қол қойылды. 

Әскери бөлімнің аумағында «Sam team» клубының негізін қалаушы әрі жаттықтырушы Самат Қунаев пен осы клубтың тәрбиеленушілері, Араб әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында намысты қолдан бермей, қазақ елінің абыройын асқақтатқан әлем чемпиондары Мансұр Темірбай, Сальсабиль Қунаева, Сирин, Хадия Саматқызы, Дияр Назымбек, Айару Салман үшін  Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Жалпы, «Sam team» клубы осы жекпе-жек түрінен әлемдік чемпионатта қанжығасына алты алтын, екі күміс, екі қола жүлде байлаған.  

Шара барысында қонақтармен сұхбат жүргізілді, бөлім командирінің атынан Алғыс хаттар табысталды, сондай-ақ жарыстың ең кішкентай жеңімпазы – небәрі алты жасар Хадия Қунаеваға Ұлттық ұланның береті табысталды.